2026 жылдың 04 ақпанында «Ж. Қизатов атындағы жоғары ауылшаруашылығы колледжі» КМҚК колледж әкімшілігінің ұйымдастыруымен Қазақстан Республикасы Конституциясының жобасын талқылауға арналған студенттермен ашық пікір алмасу өтті.
Кездесу барысында әкімшілік өкілдері Конституция жобасының құқықтық мемлекетті нығайтуға, адам құқықтары мен бостандықтарын қорғауға, білім беру саласын дамытуға және жастардың жауапты азаматтық ұстанымын қалыптастыруға бағытталғанын атап өтті. Сонымен қатар студенттердің қоғамдық үдерістерге белсенді қатысушы, әрі елдің болашағы екеніне ерекше назар аударылды.
Ашық пікір алмасу форматында өткен кездесуде студенттер өз пікірлерін білдіріп, сұрақтар қойып, конституциялық өзгерістердің қазіргі қоғам үшін маңызын және Қазақстанның алдағы дамуына тигізер әсерін талқылады.


